07:49, 07 Шілде 2016 | GMT +5
Ресейлік спортшы суға секірген кезде астындағы тұғыр қирады (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаттығу кезінде ресейлік суға секірумен айналысатын спортшы Сергей Назин астындағы тұғыр қирады, деп хабарлайды Lenta.ru.
Оқиға Кубада орын алған, онда ресейлік спортшылар олимпиада алдында дайындық жүргізген. Сергей Назин серіктесімен синхронды секіруге дайындалып тұрған. Ол тұғырдан секірген сәтте оның бір бөлігі қирады. Спортшы 10 метр биіктіктен бассейнге құлаған, алайда жылдам жинақталып үлгергендіктен, еш жарақат алған жоқ.
Жазғы Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода 5-21 тамыз күндері өтеді.