Ресейлік триатлоншылар Азия кубогының жеңімпазы атанды - Көкшетау

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жолы сайыста балғындар, жасөспірімдер және ересектер арасында әлемнің 9 елінен келген 126 спортшы Қопа көлінде 200, 750, 1500 метрлік қашықтықта жүзуден, көше бойында 5 және 40 шақырымда велосипедпен жарысудан, 2,5 және 10 шақырым қашықтықта жүгіруден бақтарын сынады. Мұндай бәсеке облыс орталығында бірінші рет қолға алынғанымен спортшылардың алаңсыз күш сынасуларына мүмкіндік жасалды. Спорттың бұл түрін кеңінен насихаттау, жүзден жүйріктерді анықтауға бағытталған іс-шара қорытындысында көкшетаулық балғындар Ықтияр Денжанов пен Анна Левкочи, жасөспірімдер Владимир Улитин мен Дария Костоварова, ересектер арасында ресейлік Антон Чичков пен украиналық Инна Зачукон жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл жерде атап өтерлігі, ересектер бәсекесінде жүлделі үш орын ресейліктердің еншісіне бұйырды.