Ресейлік «Жаңалықтар» агенттігінде Мәскеу-Астана-Киев-Ереван телекөпірі өтеді

Ол 11 сәуірде әлемдік қоғамдастық кеңінен атап өтетін Фашистік концлагерьлер тұтқындарын босатудың халықаралық күніне арналмақ. Бұл күн Бухенвальд тұтқындарының интернационалдық көтерілісін есте сақтау үшін белгіленген. Ұлы Отан соғысының ардагерлері және өлім лагерлерінде болғандар Екінші дүниежүзілік соғыстың жантүршігерлік оқиғалары, фашистердің қолына тұтқынға түскен азапты жылдар туралы әңгімелейді, жазықсыз қаза болғандарды еске алады.
Телекөпірге Астанадан қазақстандық «Мемориалдық аймақ» іздестірушілер жасағының жетекшісі, профессор Майдан Құсайынов қатысады. Шараға Мәскеуден - еврей қоғамдық бірлестігі халықаралық одағының төрағасы - бұрынғы фашизм мен гетто тұтқыны Ефим Гологорский, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, Кишиневтен -бұрынғы гетто және концлагерьлер тұтқыны қоғамдық қауымдастығының төрағасы, профессор Иосиф Белоус, «Нацизмсіз Молдова» қоғамдық қаумдастығының төрайымы, парламент депутаты Инна Шупак, Киевтен - Фашизмге қарсы күрескерлердің ұйымы төралқасы мен кеңесінің төрағасы Виталий Качановский, Ереваннан - Армения Қарулы Күштері мен соғыс ардагерлері комитетінің төрағасы Петрос Петросян, бұрынғы концлагерь тұтқыны Нелли Шимирян қатыспақ.