Ресейліктер Қазақстанда балалар технопаркін ашады

"ТМД елдері біздің негізгі серіктестеріміз. Бүгін жобаларымыз бойынша Қазақстан және Беларусьпен қарым-қатынас орнатып жатырмыз. Жобаларымыз ол елдерде келесі жылы жүзеге асырылады", - деді ол.
ТАСС жазғандай, "Кванториумдер" «пионерлер сарайының» заманауи нұсқасы болмақ. Онда балалар кем дегенде 3-4 бағыт бойынша жаңа технологиялар саласында қосымша білім алады.
Чупшеваның сөзіне қарағанда, балалар технопаркін құруға БРИКС елдері де қызығушылық танытып отыр. Олармен бірлесіп оқушыларға арналған халықаралық олимпиадалар ұйымдастыру жоспарланған. Онда Ресейдің намысын "Кванториумдардың" шәкірттері қорғайды.
Балалар технопаркін құру бойынша бастама 2015 жылғы Петербор халықаралық экономикалық форумы кезінде жүзеге асырыла бастады. Онда пилоттық аймақтардың билігімен тиісті келісімдер жасалды. Алғашқы "Кванториумдар" Ханты-Мансийск пен Нефтеюганскте ашылды. Шарада оқушылар ХҒС-мен байланысқа шықты.