Ресейліктер қазақстандық баспа өнімдеріне қызығушылық танытып отыр

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - 39 елдің 600-ден астам баспасы  Мәскеудің 30-ыншы  халықаралық мерейтойлық кітап көрмесінің жәрмеңкесіне қатысады. Ресей және Шығыс Еуропаның ірі әрі көне кітап форумына қазақстандық кітап шығарушылар да қатыспақшы.

Ресейліктер қазақстандық баспа өнімдеріне қызығушылық танытып отыр

«Мәскеудің халықаралық кітап жәрмеңкесі ең ірі кітап жәрмеңкелерінің қатарына кіреді. Біздің баспамыз аталған көрме-жәрмеңкеге 2010 жылдан бері қатысып келеді. Жәрмеңкеге қатысудағы негізгі мақсатымыз  - қазақ әдебиетін насихаттау және қазақстандық кітап және баспа өнімдерін Ресей нарығында алға өрлету, серіктестер табу», - деді «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабеков.
null

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов қазақстандық басылымдардың аталған көрмеге қатысу мақсаттары мен міндеттерін,  ресейлік оқырмандар тарапынан қазақстандық баспа өнімдеріне деген қызығушылық жайлы айтып берді.
null

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағларламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында біз қазақстандық баспа өнімдері арқылы Ресей оқырмандары мен барлық әлемге халқымыздың мәдениетін және шығармашылығын, әдебиетін таныстырамыз. Осы мақсатта біз 2016 жылы Ресей мемлекеттік кітапханасында құрылған қазақ әдебиетінің орталығын қазақ жазушыларының 20 кітабымен толықтырмақшымыз», - деді Қазақстан ұлттық кітапханасының басшысы. 

Ол сондай-ақ, қазақстандық баспа өнімдеріне ресейлік оқырмандар ерекше қызығушылық танытып отырғанын таңдана атап өтті.