Ресейлік БАҚ: таксопарктер қолданыстағы шетелдік көліктерді сатуға дайындалып жатыр

МӘСКЕУ.KAZINFORM - Ресейлік такси компаниялары 2026 жылдың наурызынан бастап қолданыстағы шетелдік көліктерін жаппай нарыққа шығаруға дайындалып жатыр. Таксопарктердегі олардың үлесі 80%-дан асады. Бұл туралы «Известия» басылымының материалында жарияланған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Российские таксопарки готовят распродажу подержанных иномарок — СМИ
Фото: Global Look Press/Shatokhina Natalia

Халықаралық Еуразиялық такси форумында (ХЕТФ) сала өкілдері осы бағыттағы жағдай туралы пікірлерін ортаға салды. Такси көліктерін жергіліктендіру және жолаушылар тасымалдау заңдарының талаптарына сәйкес, келесі жылдан бастап бизнес тек ресейлік автомобильдерді ғана сатып алуға міндетті болады.

Нарық қатысушыларының айтуынша, жаңа талаптарға сәйкес тасымалдаушылар шетелдік көліктерді сатып ала алмайды және таксопарктерде қолданылып жүрген автоларды қайтадан көлік реестріне тіркей алмайды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер (ЖК) мәртебесі бар жүргізушілерге көлікті жалға беру үшін рұқсатты қайта рәсімдемей (Федералдық заң-580 бойынша) беруге болмайды.

2026 жылдың наурызынан бастап такси көліктерін жергіліктендіру заңы күшіне енеді. Құжат талаптарына сәйкес, реестрге тек ресейлік өндірістегі автоларды енгізуге болады. 2026 жылға дейін рұқсат алған көліктер жұмыс істей береді, бірақ оларды басқа тасымалдаушыға қайта рәсімдеген жағдайда рұқсат күші жойылады.

Тасымалдаушылардың айтуынша, ірі қалалардағы таксопарктердің көбі көлікті жүргізушілерге жалға берумен айналысады. Ал жалға берілген көлікті реестрде қайта тіркеу қажет, оған жаңа рұқсат беріледі. Бірақ 2026 жылдың наурызынан бастап шетелдік көліктерде мұндай мүмкіндік болмайды. Соның салдарынан оларды тек сату ғана қалады.

Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап тасымалдаушылар 2–4 жыл мерзімге шетелдік көліктерді лизингке белсенді түрде ала бастады. Кейбір компанияларда олардың үлесі шамамен 80%-ды құрайды. 2026–2027 жылдары олардың сатып алу және меншікке рәсімдеу уақыты келеді. Меншікке рәсімдеуге болады, бірақ оларды такси ретінде қолдануға рұқсат жоқ. Сондықтан бұл көліктерді нарықта сату қажет болады.

«Шоколад» такси компаниясының деректеріне сәйкес, Мәскеуде 2023 жылы 27 мың шетелдік автомобиль алынған, оның 90%-ы лизингке. 2026 жылы оларды қайта рәсімдеу қажет болады.

Ресейдің Ұлттық өнеркәсіптік ақпарат агенттігінің (НАПИ) мәліметінше, қазіргі таңда таксиде жұмыс істеуге 791 мың автомобильде рұқсат бар. 2022–2024 жылдары олардың 336 мыңы рұқсат алды, бірақ тек 17%-ы ғана ресейлік автолар.

Ресейлік маркалардан бөлек, таксиде қытайлық брендтер, Беларусьта құрастырылған қытай үлгілеріне негізделген үлгілер және Ресейде шығарылатын, бірақ нарықтан кеткен оңтүстіккореялық брендтер негізіндегі машиналар бар.

«Автостат» агенттігінің есебі бойынша, нарықта сатылғанда такси көлігінің бағасы екі есе төмендейді. Мысалы, 2022 жылы қытайлық кроссовер лизингке 2,22 млн. рубльге алынған болса, 2025 жылы нарықта оның бағасы 980 мың рубльге (6 585 600 теңге, 18 тамыздағы 6,72 бағамымен) дейін түседі. Бұл бастапқы құнының 46%-ын құрайды.

Ал жеке тұлғадан алынған үш жылдық көлік шамамен 1,68 млн. рубль (7 176 960 теңге) тұрады.

ХЕТФ аясында ресейлік өндіруші таксиге арналған ұзын базалы жаңа үлгіні таныстырды, оның бағасы шамамен 2,7 млн. рубльді (18 млн. 144 мың теңге) құрайды. «Автостат» деректеріне сәйкес, таксиге жарамды шетелдік көліктің орташа бағасы 3,17 млн. рубльге (20 млн. 274 мың теңге) жетті.

Осыған дейін 2025 жылғы шілдеде 169,9 мың автокөлік құралы есепке қойылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар