Ресеймен газ келісімі Таяу Шығыстың мүддесін көздейді - Мохаммад Мохбер
АСТАНА.KAZINFORM - Ресей мен Иран жан-жақты ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келісімге қол қою алдында тұр, оның бір бөлігі 26 маусымда Тегеранда Иранға ресейлік газды жеткізуді ұйымдастыруды әзірлеу туралы меморандумға қол қою болды.

Сәрсенбі күні «Газпром» басқарма төрағасы Алексей Миллер бастаған делегацияның Иранға сапары аясында Иранға ресейлік газ жеткізуді ұйымдастыруды дамыту бойынша стратегиялық меморандумға қол қойылды. Ол республиканың Мұнай министрі Джавад Оуджимен кездесу өткізді.
Иран президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуінде меморандумға қол қоюды екі ел арасындағы қарым-қатынастарды тереңдету жолындағы маңызды қадам және аймақтың экономикалық дамуы үшін тиімді шара деп атады.
- Бұл жоспарды жүзеге асыру екі елдің экономикалық мүддесін ғана емес, бүкіл аймақтың мүддесін қамтамасыз етеді, - деді Иран президентінің міндетін атқарушы.
Мохбер екі ел арасындағы келісімдердің орындалу барысына қанағаттанғанын айтты, сонымен қатар екі елдің аймақты тұрақтандыруға бағытталған күш-жігері қажетті нәтиже беретініне сенім білдірді. Ол сондай-ақ Тегеран мен Мәскеу келіссөздерінің маңыздылығын атап өтті.
Газпромның бас директоры, Ресей Федерациясы президентінің арнайы өкілі Алексей Миллермен кездесу барысында Мохаммад Мохбер Ресей газын Иранға экспорттау туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою аймақтың қауіпсіздігі мен экономикасын арттыру үшін маңызды қадам екенін айтты.
Бұған дейін Иранның мұнай министрі Джавад Оджи Ресей, Катар және Түркіменстанмен бірлесіп ел аумағында газ хабын құруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.