Ресми: 2023 – бақылау тарихындағы ең ыстық жыл
Ай сайын, кейде күн сайын жаңа температуралық рекордтар тіркелген 2023 – бақылау тарихындағы ең ыстық жыл деп танылды. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Еуропалық Copernicus агенттігінің жыл сайынғы жаһандық есебінде маусымнан басталған ыстық температура 2023-ке ең ыстық атағын алып беріп, бұған дейін ең жылы ретінде тіркелген 2016 жылдан асып түскені жазылған.
Деректер жер бетінің температурасы көтерілгенін индустрияға дейінгі көрсеткішке қатынасы арқылы көрсетеді.
Кестеден байқағанымыз, жылдың кей кезеңдерінде орташа күндік температура бұл дәрежеден 2°C жоғары болған.
Әлемде орман өрттері көп болып, аптап ыстықтар тіркелді. Оған Эль-Ниньо табиғат құбылысының да әсері болған тәрізді.
Еуропадағы температура 11 ай бойы орташа көрсеткіштен асты, ал өткен қыркүйек бақылау тарихында ең жылы болды.
Сондай-ақ баяндамада 2024 жылғы қаңтар немесе ақпанда аяқталатын 12 айдың көрсеткіші жаһандық температура көтерілуінің қауіпті деңгейінен 1,5 градусқа асып түсетіні айтылған.