Республика аумағының басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

непогода снег  ауа райы қар
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде қар жауады.

— Еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын шашын, еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, — делінген хабарламада.

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде. Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында боранмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, күндіз солтүстік-батысында-көктайғақ, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жетісу өңірінде республикалық жолдар жабылды.

Соңғы жаңалықтар