Жетісу өңірінде республикалық жолдар жабылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы- Өскемен» автожолына уақытша шектеу қойылды. Үшарал — Достық жолы да жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін жабылды.
— 14 қарашада сағат 02:00-ден бастап Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 9-180 шақырым аралығында (Үшарал қаласынан Достық ауылына дейін) жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге (автобус) шектеу қойылды, — деп хабарлама таратты «ҚазАвтожол» Ұлттық компаниясы.
Компания өкілдері сондай-ақ «Алматы-Өскемен» автожолының 45-68 шақырым аралығында Сарыөзек ауылынан Көктал ауылына дейін, Алтын Емел асуы көліктің барлық түрлері үшін жабылғанын ескертті.
Ауа райының күрт бұзылуы салдарынан жолдағы қиындықтарға байланысты Жетісу облыстық полициясы жолаушыларға сапарда мұқият болуды ескертеді.
Еске салайық бұған дейін Талдықорған-Үшарал бағытында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын және Жетісу облысында жол көлік оқиғасынан 3 адамның мерт болғанын жазғанбыз.