Жетісу облысында Талдықорған-Үшарал бағытында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жетісу облысы
Фото: Айбек Құттыбек\Kazinform

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Бүгін «Алматы-Өскемен» автожолының 287-557 шақырымы аралығында жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге шектеу қойылды. Жергілікті полиция қызметкерлері жолаушыларға жолда сақ болуды ескертеді.

«ҚазАвтожол» ҰҚ-ның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Талдықорған — Үшарал бағыты бойынша уақытша шектеу қойылды.

— Сағат 22:00-ден бастап «Алматы-Өскемен» автожолының 287-557 шақырым аралығында (Талдықорған қаласынан Үшарал қаласына дейін) жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге (автобус) шектеу қойылды, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолға жауапты компания тәулік бойы жүргізушілерге республикалық трассалардың жағдайы туралы мәліметті ұсынуға дайын. Ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.

Айта кетейік, қыс басталғалы бері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын тазалауға 2387 шаршы метр құм, 1829 тонна тұз, 8000 тоннадан астам қиыршық тас және 68 тонна химиялық реагенттер пайдаланылған. Бұл — жол жабынын жедел тазалауға және көктайғақтың алдын алып, жүргізушілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысы жолдарының қыс мезгіліне дайындығын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram