Республика аймақтарында 6 адам суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысының Любимовка ауылында шомылу кезінде 16 жастағы жігіт суға батып кетті. Сағат 10-нан 35 минут кеткенде жергілікті тұрғындар оның мәйітін судан алып шыққан.
Оңтүстік Қазақстан облысының Қайнар ауылында шомылу кезінде 3 бала: 9 жасар 1 бала және 12 жасар екі бала суға батып кеткен. Сағат 8-ден 45 минут кеткенде олардың мүрделерін ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы су-құтқару қызметі күштері (7 адам және 1 техника бірлігі) судан шығарды.
Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауылында шомылу кезінде 27 жастағы ер адам суға батып кетті. Сағат 22.00-де мәйітті Батыс Қазақстан облысы суда құтқару қызметі күштері (4 адам және 1 техника бірлігі) тапты және судан шығарды.
Тараз қаласында байқаусызда ер адам арыққа құлап, суға батып кетті. Суда құтқару қызметі күштері және Жамбыл облысы ТЖД «ЖҚО» ММ (16 адам және 3 техника бірлігі) мәйітті іздестіру жұмыстарын жүргізуде.