Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, қар жауады - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

көктайғақ
Фото: pexels

Атмосфералық ағындардың өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал.

Республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ күтіледі.

Осыған дейін Алматы әкімдігі ауа райына байланысты тұрғындарға үндеу жасағанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар