Республика бойынша жаңбыр жауып, жел күшейеді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 13 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамы жарияланды.

люди, дождь, погода, ауа райы, жанбыр, адамдар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Республикамыздың басым бөлігіндегі ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар ықпалын тигізеді.

— Жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, түнде және таңертең тұман болады. Республика бойынша жел күшейеді. Тек еліміздің шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер өрт қаупі жоғары өңірлерді атады.

— Алматы, Қарағанды облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі, — делінген ауа райы болжамында.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Мамандар атап өткендей, күндіз Жетісу, Абай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер маусым айында күн райы қандай болатынын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар