Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 16-сы күннгі күні райы болжамын жариялады.

Смог в Астане Астанада тұман зима қыс
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, бүгін атлантикалық циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашын алып келеді.

Еліміздің батысына, оңтүстігіне қар және жаңбыр жауады, қалған аумақтарында қар жауады. Тек еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте бұрқасын, батысында, оңтүстігінде – көктайғақ болады.

Осыған дейін Шығыс Қазақстанда қар көшкініне қарсы жаңа тәсіл қолданылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар