Республика бойынша «Делдалсыз сауда» акциясын жүзеге асыру қажет ? А. Смайыл

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Республика бойынша «Делдалсыз сауда» акциясын жүзеге асыру қажет. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Алдан Смайыл осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі күні мемлекет тарапынан бағаны тұрақтандыру әрекеті атқарылып жатыр. Дегенмен де, бағаның тұрақсыз жағдайын пайдаланған бірқатар кәсіпкерлер халық тұтынатын азық-түлік тауарларын қоймаға тығып, босатпай отырған көрінеді. Соның салдарынан қант, өсімдік майы, күріш секілді тауарларға бағаның құбылып тұрғандығы байқалады. Осыны қадағалаған орынды болар еді. Сонымен бірге, бүгінгі күні кәсіпкерлердің бір бөлігіне салықтық жеңілдіктер қарастырылғанымен де, халыққа тікелей азық-түлік сатып отырған саудашылардың салығы артып кеткен екен. Мәселен, елордадағы қала базарларында бір сатушы бұрын күніне сату орны үшін 180 теңге салық төлесе, бүгін бұл 460 теңгеге көтерілген. Ал, ондай салық жүктемесі тауар құнының көтерілуіне әкеп соғып отыр», деді депутат. Сонымен бірге, А. Смайыл осыдан бір жыл бұрын Үкімет тарапынан делдалдарды болдырмай, тікелей саудаға жол ашу шаралары атқарылғанын айта келе, бұндай қадамның нәтиже бермегенін алдыға тартты. «Бүгінгі баға тұрақсыздығы кезінде делдалдар қарқыны да артып келеді. Халық бұны да көріп отыр. Сондықтан да бүкіл республика бойынша «Делдалсыз сауда» деген акция ұйымдастырылса. Шындығында, делдалдарға қатысты нақты ұстаным болмай, баға тұрақтылығына да соншалықты кепіл жасалмайды», деді А. Смайыл.
Соңғы жаңалықтар