Республика бойынша шетел валютасымен ипотекалық несие алғандар саны 60 мыңға жуық ? Г. Марченко

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Республикамызда шетел валютасы бойынша ипотекалық несие алғандар саны 60 мыңға жуық.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының отырысында Ұлттық банкі төрағасы Григорий Марченко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кредиттік нарыққа келетін болсақ, экономикадағы несиелеудің жалпы мөлшері 7,5 трлн. теңгені құрайды. Бұның ішінде банктің халыққа берген несиесі, оның ішінде теңге бойынша қарыздар 64 пайызды құрайды. Жалпылама айтқанда, ұлттық валютамен берілген несие алғандар девальвациядан жапа шекпейді. Ал, 2008 жылы ұлттық валюта бойынша берілген несие 575 млрд. теңгені құраған. 165 млрд. теңге шетелдік валюта бойынша берілді. 2004 жылмен салыстырғанда, теңге үлесіндегі несиелер жалпы несиенің 36 пайызын құрады. Заңды тұлғаларға берілген несиелер теңге үлесінде 52 пайызды, валюталық үлес 48 пайызды құрайды. Бұның ішінде, валюта бойынша қарыз алған заңды тұлғалардың басым бөлігі қазақстандық экспорттаушылар болып отыр. Олардың табысы да шетел валютасымен өлшенетіндіктен девальвациядан соншалықты зардап шекпейді деп ойлаймын», - деді Г. Марченко. Оның айтуынша, өткен жылдары республика бойынша ипотекалық несиелер 150 млрд. теңге шамасында берілген. Бұлардың ішіндегі шетелдік валюта бойынша үлесі 48 пайызды құрап отыр. «Бұндай санатқа жататындар саны республикамызда 60 мың адамға жетеді. Үкімет басшысының атап өткен ипотекалық несиелерді төменгі ставка бойынша қайта қаржыландыру бағдарламасы осы санаттағы несие алушыларды девальвациядан қорғап қалады деп ойлаймын», -деді Г. Марченко.
Соңғы жаңалықтар