22:38, 24 Қазан 2023 | GMT +5
Республика күні: Түркістан облысында мәдениет үйі ашылды
Түркістан облысы Келес ауданындағы Қошқарата ауылында Республика күні қарсаңында мәдениет үйі ашылды, деп хабарлайды Kazinform.

Тұрғындар көптен күткен мәдениет ошағы Ұлттық қор есебінен салынған. Жалпы 150 орындық клуб және кітапхана құрылысы өткен жылы басталып, биыл мереке қарсаңында ел игіліне тапсырылып отыр. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Іс-шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен оқушылар концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер орындады. Мәдениет үйінде кітапхана, түрлі үйірмелер, үлкен көрермен залы бар. Алдағы уақытта ауыл мәдениеті үшін қызмет көрсететін болады.