Республика күнінде елімізде 709 нәресте дүниеге келді

АСТАНА. KAZINFORM – Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның перзентханаларында 709 нәресте, оның ішінде 359 ұл, 350 қыз жарық дүние есігін ашты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Республика күнінде елімізде 709 нәресте дүниеге келді
Фото: pixabay.com

Бұл күн елдің жаңа өмірі мен болашағының символына айналды.

Бір тәуліктің ішінде босандыру ұйымдарындағы медицина қызметкерлері 704 босандыруды жүзеге асырғанын айта кеткен жөн.

Жаңа туған нәрестелердің арасында 5 жұп егіз бар, бұл мерекенің тағы бір қуанышты оқиғасы болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мереке күні перзентханаларда кезекшілік жасап, Қазақстанның жаңа азаматтарын қабылдаған дәрігерлерге, акушерлерге және барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдіреді.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда нәресте өлімі 22,7%-ға төмендегенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар