Республика мектептері оқушыларының 10 пайызы ? дарынды балалар ? «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры

None
None
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Республика мектептері оқушыларының он пайызы – дарынды балалар.Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Талантты оқушы – дарынды балаларға» республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытындысына түсініктеме бере отырып, «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Тілдаш Битуова айтты.
«Бұл әлемдік практикаға үлкен сан. Алайда, өкінішке қарай, мұндай ерекше санаттағы көп дарынды балаға талантты мұғалім жетіспейді. Сондықтан да педагогтер үшін әртүрлі олимпиадалар өткізіп, олардың кәсіби деңгейін арттырып отырамыз», - деді Т.Битуова.Ол сондай-ақ дарынды балалар пәндік олимпиадалардың арқасында ғана емес, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізіп отырған әртүрлі байқаулар мен фестивальдер барысында да анықталады, олардың алғашқы кезеңіне 600 мыңнан астам оқушы қатысады.
Соңғы жаңалықтар