10:41, 29 Наурыз 2013 | GMT +5
Республика өңірлерінде екі бала суға кетті
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Республика өңірлерінде абайсызда екі бала суға батып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының Ораз ата ауылында 18 наурыз күні сағат 15.00-де Құркелес өзенінде абайсызда 12 жасар қыз батып кетті. Мәйіт ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖД су-құтқару қызметінің күшімен (7 адам және 1 техника бірлігі) 28 наурызда сағат 11.07-де минутта судан шығарылды.
Жамбыл облысының Сарыбұлақ ауылында 27 наурыз күні сағат 11.30-да 5 жасар ұл бала абайсызда каналдағы суға батып кетті. Мәйіт ҚР ТЖМ Жамбыл облысының ТЖБ күшімен (3 адам және 1 техника бірлігі) 28 наурызда 13 сағат 10 минутта судан шығарылды.