«Республика» зейнетақы жинақтау қоры» АҚ-ы сенімділікті жоғары А деңгейінде қуаттады

АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін «Республика» зейнетақы жинақтау қоры» АҚ-ы «Эксперт РА Қазақстан» рейтинг агенттігі 1 қазандағы мониторинг қорытындысы бойынша сенімділікті жоғары А деңгейінде растағаны туралы хабарлама таратты.
None
None

Оған қордың жарғылық капиталын акционерлердің 590 миллион теңгеге ұлғайтып, жеке капиталдың 1,4 миллиард теңгеге өсуі, жеке капиталдың жеткіліктілігі коэффицентінің (К1) 21-сәуірдегі 0,043-тен 1-қазанда 0,048-ге дейін артуы, зейнетақы жинақтары аударымдарының жағымды қозғалысы (3 тоқсанда аударымдар сальдосы 3,1 миллиард теңгені құрады) мен Директорлар кеңесінің 31-желтоқсанға дейін қордың жарғылық капиталын 700 миллион теңгеге ұлғайтуы оң ықпалын тигізіп отыр. Басқарма төрағасы Дамир Хайбуллиннің сөзіне қарағанда, «Республика» ЗЖҚ» АҚ-ы кірістілік бойынша көрсеткішті жыл соңына дейін 12 айға 5 пайыз деңгейінде тұрақтандырмақ. Ал 48 айлық кірістілік көрсеткіші бойынша 34 пайызбен көшбасшылық ұстанымда келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар