Республика жастары соғыс ардагерлеріне арналған «Ерлік даңқы өшпейді» атты акцияны бастады

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Республиканың жастар ұйымдарыҰлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай, «Ерлік даңқы өшпейді» атты акцияны бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан жастарының конгресі бастамасымен және бірқатар жастар ұйымдарының атсалысуымен өткелі отырған бір айлық шараның бүгін Астанада тұсауы кесілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның негізгі мақсаты - соғыс ардагерлеріне құрмет көрсете отырып, әрбір жаңа атқан бейбіт күндер үшін оларға қуаныш пен шаттық сыйлау.

2010 жылдың ең басты оқиғасы - Ұлы Жеңістің 65 жылдығы. Бұл мереке республикалық, халықаралық деңгейде аталып өтетіні белгілі. Жеңіс күні қарсаңында, сәуірдің 9-ы мен мамырдың 9-ы аралығында болатын «Ерлік даңқы өшпейді» атты акцияның да бұған қосар үлесі ауқымды болмақ. Жоспар бойынша Астана, Алматы және ел аймақтарында 33-ке тарта шара ұйымдастырылады. Атап айтқанда, спорттық жарыстар, пікірсайыс турнирлері, ардагерлермен кездесу, дельфийлік ойындар, флеш-моб акциялары, автошеру, концерттер мен қаза тапқан майдангерлердің аллеяларына гүл шоқтарын қою шаралары белгіленген.

«Акция жастардың ардагерлерді үлгі тұтып, бойларына патриоттық сезімнің қалыптасуына бірден бір септігін тигізетініне толыққанды сенеміз», дейді «Қазақстан жастарының конгресі» бірлестігінің басшысы Нұрлан Сыдықов.

Соңғы жаңалықтар