Республика жолдарында 500-ге жуық жолшылар қар тазалау жұмыстарына тартылды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте үздіксіз қар жаууы мен боран салдарынан бірнеше аймақтардағы жол қатынастары қиындай түсті.
None
None

Дегенмен бүгін таңертең 8.00-де ауа райының жақсаруына орай жолдар ашылды. Тек Ақтөбе облысының Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз автожолының Ембі - Шалқар (91-257 шақырым) учаскесінде ғана қозғалысқа шектеу қойылып отыр, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта «Қазақавтожол» РМК жол қызметі жабылған учаскелерді қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 500-ге жуық жұмысшы мен 487 жол техникасы жұмылдырылды. Шығыс Қазақстанда 83, Ақтөбе облысында 65 тартылды. Өткен тәулікте ең аз техника жұмылдырылған аймақ - Жамбыл облысы. Оған себеп - жауын-шашынның аздығы мен жол жағдайының тұрақтылығы.

Соңғы жаңалықтар