Республика жолдарында бір аптада 9 адам мерт болып, 201 адам түрлі дене жарақаттарын алды

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Биылғы жылдың қаңтар айының 17-сі мен 24-і аралығында республикада 1мың 950 қылмыс тіркелді. Олардың арасында 24 кісі өлтіру, 20 қарақшылық және 151 кісі тонау әрекеттері бар. Сондай-ақ 819 рет ұрлық жасалған.
None
None
Бұл мәліметтерді бүгін журналистермен болған басқосуда Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАақпарат.Оның мәліметтеріне қарағанда, аталған мерзімде тәртіп сақшылары 1 мың 591 қылмыстың бетін ашып, іздеуде жүрген 167 қылмыскерді құрықтаған. «Республика жолдарында осы аптада 169 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 9 адам мерт болды. Сондай-ақ 201 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», деді департамент бастығы. Сондай-ақ оның айтуынша, елімізде бір аптаның ішінде есірткімен байланысты 243 қылмыс тіркелген. Олардың 70 фактісі есірткіні тасымалдауға қатысты болып отыр.
Соңғы жаңалықтар