Республика жолдарының 22 бөлігінде еріген қар суы жайылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың 22 автокөлік жолы бөлігін еріген қар суы басты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі жіберген 2017 жылдың 25 сәуіріндегі су тасқыны жағдайы туралы ақпаратта хабарланды.

Республика жолдарының 22 бөлігінде еріген қар суы жайылды

Қостанай облысында 9 аумақта қызыл су жайылған, Қарағанды облысында - 4, Солтүстік Қазақстан облысында - 5, Ақмолада - 2, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1 және Шығыс Қазақстан облысында - 1.

25 автомобиль жолының бөліктерінде жол жабыны шайылған: Қарағанды облысында - 9, Ақмола облысында - 7, Қостанай облысында - 4, Павлодар облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 1.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында «Бүркітті-Саумалкөл» темір жол аралығының 166 шақырымында темір жол жабынын су басты.

Болжамдық қызметтердің деректеріне сүйенсек, жақын күндері Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде көктемгі су тасқыны, су деңгейінің көтерілуі күтілуде.