Республикада «Қазақша сөйлесейік!» акциясы басталды

денің 7-сі. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты «Қазақша сөйлесейік!» акциясын бастады, оның мақсаты - халыққа қызмет көрсететін орындарда мемлекеттік тілді сауатты қолдануға жәрдемдесу. Бұл туралы партияның орталық аппаратында өткен брифингіде жастар қанатының өкілдері мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акция Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі Президенттік қордың көмегімен өтеді. Ұйымдастырушылар халыққа қызмет көрсететін орындарда (сауда үйлерінде, сервис орталықтарында және т.б.) сатушы мен тұтынушы сөйлескенде мемлекеттік тілді дұрыс қолданатындығын анықтау үшін мониторинг жүргізуді жоспарлауда. Оның нәтижесі бойынша халыққа қызмет көрсететін он орындағы мемлекеттік тілді сауатты пайдаланудың ең жақсы және нашар көрсеткіштері анықталады. Оның тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Біз үш бағытта жұмыс жасаймыз. Біріншісі - мемлекеттік тілді БАҚ арқылы насихаттау. Екінші, ақпараттық флаерлер, буклеттер, акция символы бейнеленген жейдеше таратуды, жұртшылықтың оған қызығушылығын ынталандыруды жоспарлап отырмыз. Үшіншіден, күнделікті тұрмыста қазақ тілінің қалай пайдаланылатынына қоғамдық орындарда  зерттеу жүргізбекпіз», - деп атап өтті «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин.

Соңғы жаңалықтар