Республикада салынған денсаулық сақтау нысандарының 61 пайызы - Оңтүстік Қазақтан облысында

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Былтырғы жылы елімізде салынған денсаулық сақтау нысандарының 61 пайызы - Оңтүстік Қазақтан облысында. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 56,2 млрд. теңге бағытталып, ол көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 18,7 пайызға артты. Бұл ретте 64 денсаулық сақтау нысандарының құрылысына жалпы 4,7 млрд. теңге бағытталып, нәтижесінде 51 нысан іске қосылған. Бұл республика бойынша пайдалануға берілген 84 нысанның 61 пайызын құрап отыр. «Бұдан бөлек, медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,7 млрд. теңге бағытталып, жабдықтау көрсеткіші 49,8 пайыздан 56,2 пайызға, яғни республикалық орта көрсеткішке жетті. Атқарылған шараның нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіші 5,9 пайыздан 5,6 пайызға, онкологиялық аурулар 53,1 пайызға, туберкулез 6 пайыздан 5,2 пайызға төмендеді. Бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіштер болып табылады», - делінген баспасөз хабарламасында. Бұдан бөлек, нәрестелер өлімінің көрсеткіші 16,4-тен 15,4-ке төмендесе, аналар өлімінің көрсеткіші 20,6 пайызды құраған. 2011 жылмен салыстырғанда қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлім-жітім көрсеткіші де 26,2% төмендеп, өңірлердің ең төмен көрсеткіші бойынша алдынғы қатарға шыққан.

Соңғы жаңалықтар