Республикада жасалатын қылмыстардың 12 пайызы Алматыда орын алады ? ҚР Ішкі істер министрі

АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда өткен жылы құзырлы мекемелерде 127,5 мың қылмыс тіркелді. Оны Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов кеше Алматыда қалалық ішкі істер департаментінің 2008 жылғы жұмыс қорытындысына арналған жиында айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қылмыстық оқиғалардың 90 пайыздан астамы, яғни 113 мыңнан көбі Ішкі істер министрлігінің желісінде тіркелді. Былтыр елімізде қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар 8 пайызға, көшеде жасалатын қылмыстар 5 пайызға азайды. Елде тіркелген қылмыстық оқиғалардың 12 пайызы Алматы қаласының үлесіне тиеді. Біздің пайымдауымызша, бұл өте үлкен сан», дейді министр Бауыржан Мұхамеджанов. Оның айтуынша, өткен жылы топ болып жасайтын қылмыстар 20 пайызға өскен. Ішкі істер департаменті үшін биылғы жыл да әдеттегідей болмайды. Айтарлықтай қиын жағдайда жұмыс істеуге тұра келеді. Қаржы дағдарысына байланысты қылмыстық ахуалдың күрделенуі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға өз ықпалын тигізуде. Ұрлық, тонау, қарақшылық қылмыстар өсуі мүмкін. Сол себепті ішкі істер органдарының негізгі міндеті қоғамда тұрақтылықты сақтап, азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету болмақ.
Соңғы жаңалықтар