Республикада жекеменшік балабақшалардың саны үш есе өсті - Б.Жұмағұлов

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда жекеменшік балабақшалардың саны үш есеге артты. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Республикада жекеменшік балабақшалардың саны үш есе өсті - Б.Жұмағұлов

Оның хабарлауынша, бүгінде балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 71,5 пайызды құрап отыр. «Балапан» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткізу үшін тиісті жұмыстар жалғасатын болады. Аталған бағдарламаның арқасында тек мемлекеттік балабақшалардың құрылысы атқарылып қана қоймай, мемлекеттік-жекеменшік сектордың әріптестігі де нығая түсті. Соның нәтижесінде жекеменшік балабақшалардың саны үш есеге өсті», - деп атап көрсетті Б.Жұмағұлов.