Республикадағы егістік алқаптары едәуір артты

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Биылғы көктемгі егін егу жұмыстары жоспарланған кестеге сай жүргізіліп келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еліміздің оңтүстік аймақтарында бұл науқан толық аяқталса, республиканың солтүстігінде бітуге таяу. Биылғы жылы көктемгі егін егу жұмыстары 17,8 млн. гектар жерді қамтымақ. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 1 млн. гектарға артық. Оның ішінде бидай - 400 мың, азық-түлік бидайы 350 мың гектарға, ал картоп егілетін алқаптар 2 мың гектарға ұлғайтылды. Сондай-ақ ағымдағы жылы майлы дақылдарға арналған алқаптардың көлемі кеңейтіліп, 1 млн. гектардан астам аумақты құрады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум