Республикадағы өрт сөндіру автомобильдерінің паркі жаңа техникамен толықты
Жиынды ашқан Төтенше жағдайлар министрі В.Божко Мемлекет басшысының қойған негізгі міндеттерінің бірі өрт пен төтенше жағдайлардан тұрғындар мен ұлттық байлықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Осы міндетті орындау өрттен құтқару қызметтерінің жедел бөлімшелерінің техникалық жарақталу деңгейімен тікелей байланысты. Ел Үкіметінің қолдауының арқасында өрт сөндіру қызметтерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінетін қаржы мөлшері жылдан жылға артып отыр.
Тәуелсіздік жылдары әр түрлі функциялық мақсаттағы және үлгідегі 793 өрт сөндіру автомобилі сатып алынды. Бұл республикадағы өрт сөндіру паркін нығайтып, жаңғыруға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік жеке серіктестікті дамыту және отандық өрт техникасын өндіруші зауыттардың үлесін арттыру аясында 325 өрт сөндіру автоцистернасы сатып алынды. Жалпы 2011 жылғы мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өрттер мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою көрсеткіштерінің сапалы түрде өсуіне ықпал етеді. Еліміздегі тұрақты экономикалық жағдай жедел бөлімшелерді және тұрмыстық, өндірістік және табиғи өрттерге ден қоюы үшін заманауи техникалық ресурстармен кезең-кезеңмен жаңарту және қайта жарақтау бөлімінде ТЖМ-нің техникалық саясатын шоғырландыруға мүмкіндік берді.