10:47, 07 Қараша 2024 | GMT +5
Республикалық және облыстық маңыздағы жолдардың барлығы ашық - ТЖМ
АСТАНА. KAZINFORM - Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ мәліметі бойынша, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың барлығы ашық, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
ТЖМ «Жедел желі» телефонына барлығы ақпараттық сипаттағы 16 қоңырау келіп түсті. Ауа райының нашарлауына байланысты «жедел желі» телефоны жұмыс істейді:
ТЖМ командалық орталығы
8 (7172) 70-41-14 ;
Ақмола облысының ТЖД
8 (7162) 52-09-50;
Павлодар облысының ТЖД
8 (7182) 20-11-12;
Осыған дейін Ақтөбе мен Ақмола облыстарында жабылған жол бөліктері қайта ашылғанын жаздық.