Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарлама қай өңірлерден түседі

АСТАНА. KAZINFORM — Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 17 мыңға жуық өтінімді өңдеді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

«ҚазАвтоЖол» диспетчері
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК

Компания азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылғанын мәлімдеді.

— Осы жүйенің көмегімен 2 755 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 12 897 қоңырауға жауап берді. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы 1 147 азаматтардың өтінімдері қабылданды. Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Қарағанды және Түркістан облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды, — делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады: 

— 1403 байланыс орталығы;

— www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы; 

— Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 778 001 1403).

Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі автожолдардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет ұсынды.

Соңғы жаңалықтар