Республикалық ақпараттық-насихаттау тобы елдің шығысында Елбасы Жолдауын түсіндіру жұмыстарын бастады - Өскемен

Топ мүшелері екі күн бойы Абай, Жарма, Зырян, Шемонаиха, Ұлан аудандарының елді мекендері мен Өскемен, Риддер, Семей және Зырян қалаларында кездесулер өткізеді. Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының құрамына тоғыз адам кіріп отыр, олардың қатарына мәдениет және қаржы вице-министрлері Ғазиз Телебаев пен Руслан Даленов, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов және басқалар бар.
Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов бүгін Өскеменде «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ұжымдарымен кездеседі, одан кейін «Нұр Отан» партиясының аймақтық кеңсесінде жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.