Республикалық «Ана тілі аруы» байқауына Маңғыстаудан қатысатын арулар анықталды

АҚТАУ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақтауда «Ана тілі аруы - 2009» байқауы өтті.
None
None
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде ұйымдастырылған облыстық байқауда 8 ару бақ сынасып, сайыс қорытындысында осы университеттің педагогика институтының І-курс студенті Әйгерім Қарабасова бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Арулар байқаудың 4 аталымнан тұратын шарттары бойынша білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Олар әдеттегідей, өзін таныстыру, бойында бар өнерін көрсету, тіл туралы білім сайысы және қазақтың аңызға айналған танымал қыздарының бейнесін сомдайтын театрландырылған көрініс қою аталымдары бойынша сынға түсті. Байқаудың 1-ші орын иегері болып осы университеттің экономика және құқық институтының 1-курс студенті Нұршат Қалкенбаева танылды. Сайысқа қатысқан өзге арулар «Инабатты ару», «Қылықты ару» сияқты атаулар бойынша жүлделерге ие болды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар тарту етілді. Жеңімпаз екі ару енді республикалық «Ана тілі аруы-2009» байқауына қатысып, Маңғыстаудың намысын қорғайтын болады.
Соңғы жаңалықтар