Республикалық балалар онкогематологиялық орталығының үздік педиатрлары марапатталды

АЛМАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Педиатрия және бала хирургиясындағы заманауи емдік-диагностикалық технологиялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Денсаулық сақтау министрінің №584 бұйрығымен Медицаналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева үздік қызметкерлерді марапаттады.
None
None

Онда азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін және Республикалық балалар онкогематологиялық орталығының 20 жылдығына орай Күлән Омарова, Риза Боранбаева «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Анар Мұсатаева, Мәншүк Айтбаева, Фируза Әсемқызы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерін иеленді. Сондай-ақ бірқатар қызметкерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғысына ие болды. Бұдан бөлек 20 адамға енді Республикалық балалар онкогематологиялық орталығының Алғыс хаты берілетіні мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар