Республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінген нысаналы трансферттердің 86,4 пайызы игерілді - Б.Жәмішев

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінген нысаналы трансферттердің 86,4 пайызы игерілді.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Есепте кезеңде республикалық бюджеттен өңірлерге 561 млрд. теңге сомаға нысаналы трансферттер бөлінген болатын. Ол жергілікті атқарушы органдардың шұғыл деректері бойынша 485 млрд. теңгеге немесе 86,4 пайызы игерілген», - деді министр.

Оның атап өтуінше, есепті кезең қорытындыларына сәйкес нысаналы трансферт қаражаттарын игеру бойынша арта қалу жергілікті деңгейде 67,1 млрд. теңгені құрады.

Ал дебиторлық берешек 2011 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша республикалық бюджеттің 153 млрд. теңгесін құрап отыр. оның 111 млрд. теңгесі немесе 73 пайызы шарт талаптарына сәйкес аванстық төлемдер сомасы болып табылады.

«Кредиторлық берешек жылдың басымен салыстырғанда 1 млрд. 900 млн. теңгеге азайды және 5 млрд. 800 млн. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар