12:08, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Республикалық бюджеттің салық түсімдері 102,9 пайызға орындалды - ҚР Қаржы министрі
ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Республикалық бюджеттің салық түсімдері 102,9 пайызға орындалды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«Республикалық бюджеттің салық түсімдері 2 триллион 390 миллиард теңгені немесе есептік кезеңге арналған жоспардың 102,9 пайызын құрады», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, салық түсімдері ағымдағы жылдың он айында 863 миллиард теңгеге өскен.
«Өткен жылдың салыстырмалы жағдайында салық түсімдері 483 миллиард теңгеге ұлғайды, - деді Б.Жәмішев.