15:47, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Республикалық бюджеттің шығыстары 2013 жылғы 6,2 трлн. теңгеден 2015 жылы 7,1 триллионға дейін артады - ҚР Үкіметі
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Республикалық бюджеттің шығыстары 2013 жылғы 6,2 трлн. теңгеден 2015 жылы 7,1 триллион теңгеге дейін артады.

Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.
«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы еліміздегі және әлемдегі болжанған экономикалық негізге сүйене отырып жасалды», - деді С. Ахметов.
Оның сөзіне қарағанда, 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында шығыстар көлемін 2013 жылдағы 6,2 трлн. теңгеден 2015 жылы 7,1 триллион теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, 3 жылдық бюджеттің параметрлері орта мерзімді кезеңдегі даму және әлеуметтік-экономикалық саясат мақсаттарына толық жауап береді», - деді Үкімет басшысы.