Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен ақпараттандырды.
None
None

Ақмола облысында «Астана-Петропавл» а/ж 18-252, Астана қ.-Щучинск және «Щучинск-Зеренді» а/ж 0-80 шақырымы аралықтарында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу алынды.

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына (қар көшкіні) байланысты 7 наурыз сағат 22.30-дан бастап «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» 422-450 шақырымы, Берел-Рахман қайнарлары аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

і

Соңғы жаңалықтар