Республикалық олимпиадада ШҚО, Жамбыл облысы және Алматы қаласының мектеп командалары үздік деп танылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасында бірінші командалық орынды Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары, Алматы қаласының ұжымдары иеленді.
None
None

Олимпиада қорытындысы бүгін Өскеменде шығарылды. Жекелей біріншілікте 265 оқушы марапатталды, олардың 50-і алтын медаль алды, 58-і екінші орынды және 158-і үшінші орынды иеленді.

Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің 7-ші сынып оқушысы Аружан Аманбаева 9-сыныптың тапсырмасын шешіп, Олимпиада жұлдызы атанды және «Ең жас қатысушы» атағын иеленді.

"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева 700-ден астам дарынды балалар қатысқан олимпиаданың ұйымдастырылуына алғысын білдірді.

"Қатысушылардың тұратын жері жайлы, тамағы дәмді болып, балалардың қауіпсіздігіне қатысты жағдайларға да көңіл толды. Бұдан басқа, тамаша экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылып, барлық қажетті жабдықтармен жайлы ғимаратта олимпиада жан-жақты дайындықпен өткізілді" .

Математика, химия, физика, информатика, биология бойынша турнирлерге қатысқан балалар қаламен танысып, көрікті жерлерді аралап, қала сыртындағы демалыс орындарында көңіл көтеріп те үлгерді.

Әділқазылар құрамы Қазақстанның жетекші ЖОО-лары: Назарбаев университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстандық-британдық техникалық университеті докторлары мен профессорларының арасынан іріктелді. Қазылар алқасының төрағасы - Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Өтелбаев болды.

Соңғы жаңалықтар