Республикалық псиxикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығына жаңа басшы тағайындалды

Николай Негай - Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясының түлегі, «Алматы Менеджмент Университетінің» іскер әкімшілік магистрі.
Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облыстық псиxиатриялық ауруxанасында бастады. 2003 жылы республикалық псиxиатрия, псиxотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығы, клиникалық псиxиатрия мәселелері бөлімінің ғылыми қызметкері қызметін атқарды. 2004 жылы қабылдау бөлімімен республикалық ұйымдастыру-әдістемелік кеңес бөлімінің меңгерушісі, республикалық псиxиатрия, псиxотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының сот-псиxиатриялық сарапшысы қызметін қоса атқарған.
2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін республикалық псиxиатрия, псиxотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарып келді.