Республикалық трассалардың 14 учаскесінде қозғалыс қалпына келтірілді

АСТАНА.ҚазАқпарат – Еліміздегі республикалық маңызы бар трассалардың 14 учаскесінде қозғалыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтожолға сілтеме жасап.
None

Ақмола облысында:

«Екатеринбург-Алматы» тас жолы, 1291-1353 км, Астана қаласы - Қарағанды облысы учаскесі.

«Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолы, 16-200 км, Астана қаласы - Павлодар облысы учаскесі.

«Астана-Петропавл» тас жолы, 18-231 км, Астана қаласы - Шучинск учаскесі.

«Көкшетау-Атбасар» тас жолы. 0-184 км, Көкшетау қаласы - Атбасар учаскесі.

Қарағанды облысында:

«Екатеринбург-Алматы» тас жолы, 1353-1426 км, Ақмола облысы - Теміртау қаласы учаскесі.

«Қызылорда-Павлодар» тас жолы, 1206-1135 км, Молодежный ауылы - Павлодар облысы.

«Екатеринбург-Алматы» тас жолы, 1505-1854 км, Жұмабек ауылы - Балқаш қаласы учаскесі.

Павлодар облысында:

«Қызылорда-Павлодар» тас жолы, 1206-1367 км, Ленинский ауылы - Шідерті ауылы учаскесі.

«Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолы, 200-254 км, Ақмола облысы - Шідерті ауылы учаскесі.

«Қызылорда-Павлодар» тас жолы, 1206-1135 км, Шідерті ауылы - Қарағанды облысы учаскесі.

ШҚО бойынша:

«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановские ключи» тас жолы, 6-166 км, Ушановское ауылы - Алтай қаласы учаскесі.

Ақтөбе облысында:

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тас жолы, 12-330 км, Ақтөбе қаласы - Атырау облысы учаскесі.

«Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» тасжолының Сарыжар ауылынан «Лидер» ЖМҚС аралығы.

«Ақтөбе-Орск» автожолының Ш. Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығы.

Атырау облысында:

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тас жолы, 330-346 км, Ақтөбе облысы - Сағыз ауылы учаскесі.

Қостанай облысында:

«Екатеринбург-Алматы» тасжолының Сарыкөл кентінен СҚО шекарасына дейінгі аралығы.

Бүгін республикалық желіде 400 арнайы техника және 530 жол жұмысшысы жұмыс істеуде.

Бұған дейін еліміздің 11 өңірінде күн райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңыздағы трассалардың 32 учаскесі жабылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар