Республикалық үгіт-насихат тобының мүшелері студенттер ортасында болды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Спорт және туризм министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев бастаған республикалық үгіт-насихат тобының мүшелері Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындары студенттері және ұстаздарымен жүздесіп, Елбасының Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндіп, пікір алмасты.
None
None

Іс шара аясында үгіт тобының мүшелері Абай Мырзахметов атындағы университетте Жолдаудың басым бағыттары, Елбасының тапсырмасына орай спорттың бұқаралық сипат алуын іске асыру, білім мен спортты қатар өркендету жайына ерекше тоқталып, туризмді дамытудағы өңірдің мүмкіндігін кеңінен пайдалану тұрғысында ой бөлісті. Облыс орталығында соңғы уақытта жаңа спорт кешендері, аула клубтары, алаңдары бой түзеуде. Мұның өзі, сайып келгенде, бұқаралық спорттың жандануына оң серпін беретіні сөзсіз. Жолдауда тұрғындардың 30 пайызының спортпен шұғылдануына қолжеткізуге орай міндеттер айқындалды. Пікір алмасу барысында өзекті мәселелер тілге тиек етіліп, соған сәйкес толымды жауаптар қайтарылды. Министрлік өкілі бастаған жұмыс тобы ертең өз сапарын Бурабай ауданында одан әрі жалғастырып, өңірдің мүмкіндігі тілге тиек етілетін болады.

Соңғы жаңалықтар