14:18, 10 Сәуір 2012 | GMT +5
Республикалық «Желтоқсан - 86 - Ұлт қорғаны» қоғамдық комитеті құрылды
АЛМАТЫ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - «Желтоқсан - 86 - Ұлт қорғаны» республикалық қоғамдық комитеті құрылды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

«Қазақстан Республикасы «Желтоқсан - 86 - Тәуелсіздік Қырандары» халық қаһармандары қозғалысының өкілі Гүлбахрам Жүністің айтуынша, ынталы топқа қазіргі таңда 5 қоғамдық бірлестік еніп отыр. Оның ішінде аталмыш ұйымнан бөлек республикалық «Желтоқсан» халықтық Отаншылдар қозғалысы, қалалық «Желтоқсан Рухы» қозғалысы мен «Желтоқсан жалауы», «Желтоқсан жаңғырығы» қоғамдық бірлестіктері бар. Бастамашылардың құрылтай жиналысында «Желтоқсан - 86 - Ұлт қорғаны» республикалық қоғамдық комитетін құру ұсынысы бірауыздан қолдау тапты.