Республикалық жолдардың қауіпті учаскелері күнделікті қадағалануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық автокөлік жолдарында тасқын су басуы қаупі бар учаскелер күнделікті қадағалануда.
None
None

«Жолдар мен жол нысандарының бұзылуына жол бермес үшін, сондай-ақ қауіптерге шұғыл әрекет ету мақсатында еліміздің барша өңірлерінде қажетті метериалдар дайындалды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тарапы «Қазақавтожол» РМК филиалдарымен және мердігер ұйымдармен бірлесе қардың еруі кезеңінде жол инфрақұрылымының бұзылуын алдын алу бойынша шаралар жоспарын бекітті. Осы орайда жолдарда тиісті зерттеу жұмыстары жүрігізіліп, су басуы мүмкін учаскелер анықталды, сондай-ақ оны болдырмас үшін қажетті шаралар пысықталды»,-деп хабарланды «ҚазАвтоЖол» компаниясынан.

«Қазгидромет» мәліметтеріне қарағанда, қазіргі кезде қар деңгейінің нормадан артық көлемі Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалуда. Сонымен қатар қардың артық деңгейі Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында тіркеліп отыр.

Тасқын су шайып кетуі мүмкін жолдардың учаскелерінде 800-ден астам арнайы техника бекітілді. Қазіргі кезде оңтүстік және батыс өңірлерде еріген қар суының кедергісіз ағысын қамтамасыз ету үшін су өткізгіш құбырларды ашу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 7 185 құбырдың 5 304-і ашылды.

Компанияның хабарлауынша, қазіргі кезде автожолдар мен жолдардағы нысандарды су басу жағдайы орын алған жоқ, яғни жолдардағы қозғалыс қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар