Республиканың 4 облысында моноқалаларды дамыту бойынша бесжақты меморандумдарға қол қойылды

ТЕМІРТАУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысының Теміртау қаласында моноқалаларды дамыту бойынша республикалық семинар-кеңесте қала құраушы кәсіпорындармен меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.
None
None

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері мен «Қазақмыс», «Қазмырыш», «ҚазМұнайГаз» компаниялары моноқалаларды дамыту бойынша серіктестікті  бағдарламаларды іске асыру жөніндегі бесжақты 4 меморандумға қол қойды.

Моноқалаларды дамыту тек бұл өңірлерде ғана емес, сонымен қатар елімізде де экономиканың көтерілуіне жаңа серпін береді, деп санайды бірінші вице-премьер. «Түптеп келгенде бұл, қазақстандықтардың өмірін жақсартуға септігін тигізеді», - деді ол.

Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевтің пікірінше, жүйе құраушы кәсіпорындардың қолдауынсыз моноқалаларда өмірді түрлендірумүмкін емес. «Моноқалаларды дамыту бағыттарының бірі - экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту. Бұл жағдайда жүйе құраушы кәсіпорындардың қолдауы қажет. Біз мұнда серіктестікті бағдарлама туралы айтып отырмыз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар