Республиканың ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясындағы Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы үлгі болып табылады және Ресей алдағы саммиттен үлкен өзгерістер күтеді - РФ СІМ-нің өкілі В. Воронков.

nbsp;АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2015 жылы Қазақстан аумағының 95 пайызы цифрлық хабарларды қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкіметтің көшпелі отырысында 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі салалық бағдарламаны таныстырған Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
None
None

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында 7 негізгі бағытқа баса назар аударылатындығын айтқан министр олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталды.

«Бірінші бағытты іске асыру мақсатында заманауи технологияларды енгізу қарастырылған. Оның ішінде 3G, 4G, LTE, NGN, CDMA, Wi-Max, FTTX, DWDM стандарттарын енгізу арқылы 100 адамға 22 кеңжолақты интернетке жету жоспарланған. Сондай-ақ салада бәсекелестікті күшейту шаралары көзделген. Екінші бағыт бойынша перспективалы жаңа әлеуметтік интернет жобалар әзірленуде. Сонымен қатар IP-TV-мен интернет-теледидарды дамыту, электрондық коммерцияны, электрондық оқытуды дамыту жобада қарастырылған. Осы шараларды іске асыру арқылы 2015 жылы әр 1000 тұрғынға 10 тіркелген доменге ие болу көрсеткішіне қол жеткізілмек. Үшінші бағытта әкімшілік, лицензиялау, төлеушілік сияқты е-үкіметті дамытуда маңызды жобаларды енгізу жұмыстарын аяқтау жоспарланған», деді ол өзінде.

Бұған дейінгі жиындардың бірінде Үкімет басшысының цифрлық телерадио хабарларын таратуға байланысты тапсырма бергенін атап өткен министр «осы жылдың желтоқсан айына дейін спутниктік хабар тарату желісі іске қосылады. Сонымен қатар цифрлық хабар тарату жүйесін әзірлеу шаралары өткізілуде. Осы шараларды іске асыру нәтижесінде 2015 жылы Қазақстан аумағының 95 пайызы цифрлық хабарларды қабылдау мүмкіндігіне ие болады», деді.

Осыдан кейін бесінші және алтыншы бағыттарға тоқталған оның айтуынша, арнайы экономикалық аймақта 4 жалпы ұлттық жобаны іске асыру қарастырылған. Олар: ақылды қала, электрондық оқу жүйелері, телемедицина және электрондық коммерция жобалары. Сонымен қатар бағдарламада отандық өндіріс орындарын ашу да қарастырылып отыр.

Ал соңғы бағытта ақпараттық технологиялардың халықаралық университетін дамыту, үш өңірлік ақпараттық-технологиялық колледжін, ғылыми зерттеу зертханаларын ашу шаралары қарастырылып отырғандығын тілге тиек еткен А.Жұмағалиев «осы бағдарламада көрсетілген шараларды орындау барысында ІЖӨ-дегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының үлесін 3,8 пайызға жеткізу көзделуде», деді.

Соңғы жаңалықтар