Республиканың зияткерлік әлеуеті

АЛМАТЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Жазира Жаңабаева/ - Ұлттық білім беру моделіндегі басымдық берілген бағыттардың бірі, келешекте мемлекетті басқаруда, экономикада, ғылымда, мәдениетте, шығармашылықта жоғары лауазымды орындарға лайық зияткерлік таңдаулы жастарды тәрбиелеп шығару қажет.
None
None
Ақпанның соңында Алматыда, мектеп оқушыларының 9-11 сыныптары арасындағы жалпы білім беру пәндері бойынша өткізілген республикалық ғылыми жарыстың талантты жастарды танып-білуге қосқан өзіндік үлесі болмай қалған жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының аға әдістемешісі, айтылған шараны ұйымдастырушы Сара Құдабаева әңгімелеп берді. - Сара Ешмұхамбетқызы аталған шараның негізгі мақсаты туралы толығырақ айтып берсеңіз?- Бұдан бұрын да айтылғандай, жарыс ғылым мен білімді ықпалдастыру, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, еліміздің келешектегі ғылыми әлеуетін жасақтауға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі тақырыбы мынадай: «Қазақстан - 2030» стратегиясы тұрғысында республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму моделі бойынша келесі бағыттарда: «Ғылыми-техникалық үдеріс экономикалық өсімнің өзекті буыны», «Экономикалық және әлеуметтік үдерістің математикалық моделі», «Таза табиғи орта ? «Қазақстан - 2030» стратегиясының негізі» және «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және туристік бағыттардың келешегі». Әрине, мұндай шараларды өткізудегі көзделетін басты мақсаттар танымдық білімді жетілдіру, балаларымыздың зияткерлік дамуын қалыптастыру және ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіру. - Ғылыми жарыстар қалай өткізіледі?- «Оқушылардың 9-11 сыныптары арасындағы жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық ғылыми жарыстары» ҚР білім және ғылым министрлігінде ресми тіркелген зияткерлік байқау болып саналады және 1999 жылдан бері министрдің бұйрығы бойынша өткізіліп келеді. Ал, біздің орталық жарысты өткізіп отыруға жауапты.- Өтініш беру және басқа да барлық іріктеу тәртібі қалай жүргізіледі? Жарысқа қалай қатысуға болады?- Зерттеу жұмыстарымен айналысатын кез-келген 8-11 сынып оқушысы, ғылыми жарыстарға қатыса алады. Бірінші кезекте, жарысқа қатысқысы келетін талапкер өзі оқитын мектептің әкімшілігіне айтуы керек, ал мектеп өз кезегінде аудандық білім беру басқармасына ресми өтініш береді. Жарыс төрт кезеңде өтеді; аудандық, облыстық, одан әрі екі турдан: тестілеу және сараптаудан тұратын іріктеу жарысы өтеді, содан кейін соңғы кезең Алматыда өткізіледі. Жарыстарға жыл сайын бүкіл Қазақстаннан 10 000-нан астам оқушылар қатысып, олардың ішіндегі ең талантты деген 300-500 жасөспірім қорытынды кезеңге жолдама алады. - Әділқазылардың құрамы қандай?- Ғылыми жарыстардың республикалық әділ қазылар құрамы академиктер, профессорлар, Қазақстанға танымал ғалымдардан жасақталады. Мәселен, соңғы бес жыл көлемінде әділ қазылар алқасын академик, биология ғылымының докторы Иса Омарұлы Байтуллин басқарып келеді. Математика секциясы бойынша міне, осымен үшінші жыл қатарынан академик, физика-математика ғылымдарының докторы Мұхтарбай Өтелбайұлы Өтелбаев басқарып келеді.- Аталған шараның құрамына қандай да бір өзгерістер енгізіліп отыра ма? - Біз дәстүрді бұзбауға тырысамыз, жарыстар бұдан бұрын белгіленген бір уақытта өткізіліп отырады. Әзірге дейін өзгерістер болған жоқ, жыл сайын ақпанның соңына қарай республикамыздың түкпір-түкпірінен жарысқа қатысушылар Алматыда бас қосады.- Әдетте жеңімпаз қалай марапатталады?- Ең алдымен, жарысқа қатысушылар үшін ең құндысы, жеңімпаздар үшін еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарына бөлінген гранттар. Мәселен, биылғы оқу жылына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 129, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетіне - 20 және Сулейман Демирел атындағы қазақ-түрік университетіне - 6 грант бөлінді.Бұл мектеп оқушылары үшін, жоғары балл жинаудың қажеті жоқ, шектік деңгейдегі 60 балл жинаған олар, бірден ұтып алған дипломына байланысты факультеттерге қабылданады. Осылайша, университеттер талантты балаларға қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, жеңімпаздар қатарынан (АҚШ) INTEL ISEF Дүниежүзілік ғылым және техника көрмесіне Қазақстан атынан қатысатын команда құрылады. 2000 жылдан бастап, біздің ғылыми жарыстарымыз аталған көрменің филиалы саналады. Команданың жол қаражаты шығыны «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтың бюджеттік қаржысы есебінен жұмсалады. Қазақстандық оқушылардың иелігінде алтын, күміс, қола медалдар болды. Дүниежүзілік көрменің жобаларын қорғауға дүниенің төрт бұрышынан 2000-нан астам оқушылар қатысады, ал әділ қазылар алқасы танымал ғалымдар. Біздің оқушылар жоғарыда аталған жүлделермен қатар, бағалы сыйлықтармен де марапатталды. - Биылғы жылғы жарыс қалай өтті? Кім жеңімпаз деп танылды?- Өкінішке орай, барлық қатысушыларды атап өту мүмкін емес. Дегенмен, солардың ішіндегі бірқатарларына тоқтала кетейін. Олар: Насыролла Мәулен, Андрей Коптев және Шыңғыс Жұмағұлов Алматы қаласынан, Екібастұз қаласынан Қуат Бекбергенов, Астанадан ? Қайыржан Шахмардан және Ғабит Ғабдуллин, Рабия Жұмабекова Алматы облысы, Талғар ауданынан және де басқалар. Жалпы алғанда, жарыстарға 355 жобамен 433 оқушы қатысты. Бірінші орынды 23, екінші орынды - 39, ал үшінші орынды ? 63 жоба иеленді. Республика бойынша байқауға қатысуға тілек білдірген оқушылар саны ? 11 873. - Сара Ешмұханбетқызы, «Дарын» oрталығы туралы кеңірек әңгімелесеңіз?- Қазақстандағы мейлінше қабілетті балалар мен жасөспірімдермен тиісті деңгейде айналысуға «Дарынды балалар үшін мектептерді дамытуға мемлекеттік қолдау туралы» (1996ж.) Елбасы Өкімі жол ашты. Оны жүзеге асыру үшін, ҚР Үкіметінің1998 жылғы наурыздың 24-дегі №256 Қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды және ол республикадағы дарынды балалармен жұмыс жүргізуде жүйе қалыптастырушы буынға айналды.Біздің орталық - көпфункциялы ғылыми-білім беру мекемесі, ол дарынды балаларды тауып, дамыту және қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Біз республикалық олимпиадалар, жарыстар, жалпы білім беретін пәндерден марафондар өткізумен айналысамыз, дарындылық педагогикасы мен психологиясы саласында (ҚР ҰҒА іргелі зерттеулері бағдарламасы желісі бойынша) ғылыми зерттеулер жүргіземіз, ғылым негіздері бойынша халықаралық олимпиада комитеттерімен ынтымақтасып отырамыз, дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтерді даярлаумен айналысамыз. Әрине, ең алдымен "Дарын" - білім беру, ғылыми мектептер, қосымша білім беру және т.б. желісі. Егер, біздің басты мақсатымыз бен міндеттеріміз туралы айтар болсақ, онда Қазақстан Республикасында зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға ықпал ету және таңдау жүйесін құру, дарынды балалардың оқуына және дамуына жағдай жасау, сондай-ақ, дарынды балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету және де дарынды тұлғалардың инновациялық технология саласында дамуына халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейте түсу.
Соңғы жаңалықтар